Шымкент: Ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

0
53
2021 жыл 18 маусым күні Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Медицина қызметкерлері күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мекемеде жалпы 138 адам жұмыс жасайды, барлығы кәсіподақ мүшесі, оның ішінде 101 әйел, 29 жасқа дейінгі жастар 14 болса, ал 35 жасқа дейінгі жастар 24, оның ішінде 8 дәрігер және 27 орта буынды медицина қызметкерлері бар.
«Медицина қызметкерлері күніне» арналған мерекелік іс-шарада «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы және мекеме басшысы Тұрниязов Серік Әбдімәлікұлы құттықтау сөз сөйлеп, еселі еңбегі бағаланған қызметкерлерді кәсіподақтың және орталықтың наградаларымен марапаттады.
Атап айтқанда: «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хаттарымен» Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медицина қызметкерлерінің ішінен палата санитарлары: Жұмабаева Гүлстан Арылқызы, Керімова Мастура Тұрғынқызы, кезекші медбикелер: Сарыпбекова Жұпаркүл Байсейітқызы, Рустамова Углжан Алибековна және Мамыраева Күлзат Құлсейітқызы марапатталды.
Сондай-ақ, мекеменің аға медбикесі Шарипа Әділхайқызы Бәйдібековаға «Үздік аға медбике» белгісі тапсырылды.
Концерттік бағдарламаның беташарында мекеменің әлеуметтік-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасары Алдияров Мақсатхан Бақбергенұлы құттықтау сөз сөйлеп, гитараның үнімен Ұлықпан Жолдасовтың «Қаздар қайтып барады», Шəмші Қалдаяқовтың «Арқалықтың ақ таңы» және Юрий Щевчуктің «Это всё» деген әндерін әуендетіп орындап тыңдаушылардың сүйіспеншілігіне бөленді.
Мерекелік іс-шара әрі қарай мәдениет бөлімінің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған