Шымкент: балалар ойын алаңшасын құру жұмыстары жүргізілуде

0
48
Қазіргі таңда қала бойынша, соның ішінде Қаратау ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандыруды, балалар ойын алаңшаларын соғу, қайта қалпына келтіру жұмыстарын талап етеді. Осы орайда аудан көлемінде қанша балалар ойын алаңшалары бар, олар қандай жағдайда, олардың қаншауы балалардың ойнауына қауіпті (сынған, бұзылған, тозығы жеткен), бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын зерделеу мақсатында «Nur Otan» партиясы Қаратау аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мониторинг жүргізді.
Қаратау ауданы аумағында жалпы 439 көп қабатты тұрғын үй 159 аулаға біріктірілген. Үстіміздегі жылы осы аулалардың 32 ауласына қосымша балалар ойын және спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланып, жер актісін алу жүргізілуде. Наурыз айындағы бюджетті нақтылау кезінде 4 ауланы абаттандыру (Тұран ш/а – 2 жерге, Ақжайық ш/а – 1 жерге, Өтеміс т/а – 1 жерге) жұмыстарына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жариялынды.
Ауданда 2016-2020 жылдар аралығында 95 аула абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары құрылған.
2021 жылы 2 кезеңмен 31 аулаға балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған.
І-кезеңмен 4 аулаға балалар ойын алаңшасын құру бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы жүргізілуде.
ІІ-кезеңмен 25 спорт алаңшасын және 2 әмбебап спорт алаңшасын құруға қаржы бөлу туралы өтінім 15 маусым 2021 жылы қала бюджетін нақтылау сессиясында қолдау тапты.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған