Шымкент: Бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда

0
125

Шымкент қаласы аумағында ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары қарқы алды. Маңызды міндетті қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы 54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының 2019 жылғы екінші қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында орындалды.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сүйенсек, қалада жалпы игерілмей жатқан мың бес жүз қырық алты жер учаскесі бар екен. Алдағы уақытта басқарма тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. Бұл жұмыстар заң аясында жүргізіліп отыр. Сонымен бірге алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілмек. Себебі, жерді игере алмаған азаматтар оны мемлекеттің иелігіне қайтарулары керек.

Leave a reply