Шымкент: жерасты өткелдері тазалығын сақтайық

0
46

Шымкентте А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ жанында орналасқан жерасты өткеліне және Рашидов пен Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында орналасқан жерасты өткелі тазаланды, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған аумақтың күтіп-ұстау жұмыстарына жауапты «ТехЭкоСервис» ЖШС-ы. Аталған мекеме санитарлық тазалық жұмыстарын кестеге сәйкес аптасына 2 рет жүргізеді.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданына қарасты 4 жерасты, 1 жерүсті өткелі бар. Атап айтсақ, Анаров көшесі, Темір жол вокзалының алдында және Рашидов және Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында, А.Байтұрсынов көшесі бойындағы жерүсті өткелі, Төлеметов көшесі және Бәйдібек би даңғылының қиылысында, Бәйдібек би даңғылы, Дендросаябақ алдындағы жер асты өткелі бар.

Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен ғана шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты.
Сондықтан, қала тазалығын басты назарда ұстап, қоқысты арнайы контейнерлерге салуды әдетке айналдырыңыздар! Қаламыздың жасыл әрі таза шаһарға айналуы сіз бен бізге байланысты.

Leave a reply