Шымкент: «Замандастар» ансамблі халық бірлігін нығайтуға үлес қосуда

0
86

Таяуда Шымкент қаласының татар-башқұрт этномәдени бірлестігінде «Замандастар» ансамблінің өнерпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Шымкент қаласының татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Замандастар» ансамблі 40 жылдан астам уақыт бойы Оңтүстік тұрғындарын өз өнерлерімен қуантып келеді.

1978 жылдан бастап оның тұрақты басшысы Татарстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мубараков Рамил Равилевич болып табылады.

«Замандастар» ансамблі татар көркемөнерпаздары арасында ардагер болып саналады. Ұжым мүшелері Бурнашев Шакиржан, Хакимова Равиля сынды өнерпаздар татар әндері мен әуендерін шебер орындау арқылы көрермендердің ілтипатына бөленіп келеді.

Аталған өнер иелері «Замандастар» ансамблінде 40 жылға жуық еңбек етуде.
Өнерпаздардың ел бірлігін нығайтудағы атқарып жүрген еңбектерін ескере келе, Татар ұлттық мәдениетін, ана тілі мен дәстүрін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Мубараков Рамил Равилович, Хакимова Равиля Шагидовна, Бурнашев Шакиржан Игнатьевич Дүниежүзілік татарлар конгресінің медалімен марапатталды.

Бүгінде Шымкент қаласында түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Этнос өкілдері қаланың әлеуметтік-мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Leave a reply