Шымкент: Көпбалалы отбасылардың балалары шахмат үйірмесіне тегін қатысады

0
49

Шымкентте көпбалалы отбасылардың балалары шахмат үйірмесіне тегін қатысуға мүмкіндік алды. Шым шаһарда «Жансая Әбдімәліктің шахмат мектебімен» жасалған меморандум негізінде көпбалалы отбасылардың балалары шахмат үйірмесіне тегін қатыса алады.

25 мамырдан бастап «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығының Әл-Фараби даңғылы, 3/2 орналасқан ғимаратында балаларға арналған шахмат үйірмесі жүргізілуде. Бұл ретте «Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат мектебімен» жасалған меморандум бойынша көпбалалы отбасылардың балаларына қолдау жасалуда, яғни енді шахмат үйірмесіне бүлдіршіндер тегін қатыса алады.

Сонымен қатар 1 маусым балалар күні мерекесіне орай «SHYMKENT PLAZA» ойын-сауық орталығында Орталықтың ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылардың балаларына арнап шахмат турнирі өткізілді.

Айта кетейік, 21 жастағы қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік — Гибралтарда өткен FIDE Women’s Grand Prix (FIDE әйелдер Гран-при сериясының соңғы кезеңі) шахмат турнирінде жеңіске жетіп, ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Екі дүркін әлем чемпионы, «BRNO OPEN 2013» Халықаралық турнирінің жеңімпазы.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған