Шымкент: “ОҚМПУ-дың ел таныған ғалымдары”

0
49
Ғалия Мәдібекова 1956 жылы 13 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ елді мекенінде мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1973 жылы орта мектепті алтын медальмен, Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген. Ол еңбек жолын 1978 жылы Қазақ химия-технология институтында инженерлік қызметтен бастады. 1980-1988 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының Шымкент филиалында, 1988 жылы Шымкент педагогикалық институтында химия-биология мамандығы бойынша оқытушы болып еңбек етті. Ал 1988-2021 жылдар аралығында ОҚМПУ-да оқытушы, аға оқытушы, доцент, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. Бүгінгі таңда химия кафедрасында профессор м.а. қызметімен бірге студент жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға баулып келеді.
Ғалия Мүтәліқызы — Қазақ ұлттық университетінің Коллоидты химия кафедрасымен және Макс Планк институтымен (Германия) шығармашылық байланыс орнатқан майталман маман. Химия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Мұсабеков, С.Б.Айдарова және Рейнхард Миллермен бірлесе отырып судаерігіш полимерлердің коллоидты-химиялық қасиеттерін зерттеп, осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Зерттеу нәтижелері бойынша жазылған ғылыми еңбектері мен ғылыми мақалалары Флорида мен Амстердам қаласында және Испания, Германия, Англия, Финляндия, Чехия, Турция, Әзірбайжан елдерінде өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда баяндалып, материалдар жинағында жарық көрді.
Ғылыми жұмыстарының нәтижесі бойынша алынған бірнеше патенттері бар.

Leave a reply