Шымкент: саябақтар мен гүлзарларда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

0
46

Шымкентте маусымдық кезеңдегі бекітілген жоспарға сәйкес жалпы 1 991 714 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарларда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізудегі басты мақсат — қала тұрғындарын саябақтар мен гүлзарларда кене шағу жағдайынан және олардан жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу.
Айта кетейік, аталған жұмыстарға «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның 6 бригададан құралған 18 дезинфектор мамандары қажетті құралдармен, көлік және жеке қорғану заттарымен жұмылдырылған.
Бүгінгі таңда қала аумағында жалпы 745 350 шаршы метрді құрайтын саябақтар мен гүлзарлар аумағына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар 30 маусымға дейін жалғасатын болады.
Сондай-ақ кенеге қарсы препарат ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген саябақ, гүлзарлар аумақтарына тұрғындардың жақындамауын, сонымен бірге препарат кепкенге дейін үй жануарларын да саябақ пен гүлзарлар аумағына жібермеу керектігін қала тұрғындарына ескертеді.
Қосымша сұрақтар бойынша 8(7252)24-75-37 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Leave a reply