Шымкент: Тарихи ескерткішке арнайы экскурсиялар ұйымдастырылмақ

0
60

Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар ескерткіш — Қызыр мұнарасы. Қызыр мұнарасы — Шымкент қаласында, Сайрамсу өзенінің бойында орналасқан. Мұнара Х ғасырда тұрғызылған. Мұнарадан оңтүстікке қарай үш жарым шақырымға созылатын жер асты жолы бар. Мұнараның бір бөлмесінде жер асты жолына түсетін есік болған. Бұл мәліметті көпке дейін елден жасырып, құпия ұстап келген. Мұнара ішінде баспалдақ болған.

Ел әңгімесі мен тарихи деректерде Қызыр (а.с.) шын аты Ілияс ибн Мәлкән ибн Әмир ибн Шалих ибн Арфахшид ибн Сам ибн Нұх екен. Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атаған. Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Қызыр а.с.-ды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Хызр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген. Хызр мұсылмандар арасында су пайғамбары ретінде танылған.

Шымкентті туристік орталыққа айналдыру мақсатында аталған нысандарды күтіп-баптаудың маңызы ерекше. Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында қалалық туризм басқармасының бастамасымен биылғы жылдың ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен мұнараның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Туризм басқармасы Қызыр мұнарасын зерделеп, реставрациялық жұмыстар жүргізу үшін тарихшы-археологтармен арнайы экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлауда.

Айта кетейік, республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Шымкент қаласынан 7 нысан енген. Соның бірі — Қызыр мұнарасы. Мұнараның биіктігі жер сілкінісі нәтижесінен 10,5 метрден, қазір 5,7 метрге жеткен.

Тарихи нысан Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне Қызыр мұнарасы деп атаған. Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Қызырды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Қызыр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген.

Leave a reply