Шымкент тарихына арналған өлкетану кеші өтті

0
48

Шымкентте Тәуелсіздіктің отыз жылдығына, он тоғызыншы маусым – Қала күніне орай мерекелік шаралар жалғасуда. Соның бірі қалалық жасөспірімдер кітапханасында өтті.

Шымкентте Тәуелсіздіктің отыз жылдығына, он тоғызыншы маусым – Қала күніне орай қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Шуағын төккен шымқала» атты өлкетану кеші өткен болатын.

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.

«Шуағын төккен Шымқала» өлкетану кешінде жастарға Қазақстанның көне қалаларының бірі Шымкенттің тарихы туралы толық мәліметтер беріліп, кеңінен насихатталды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге қала туралы деректерді таныстыру арқылы туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырумен қатар, оқырмандардың мәдени және рухани білімін көтеру.

Рухани кешке — ақын, халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек, ақын Дәркен Танабаев қатысты.

Іс-шара барысында «Тарихы терең шымкент» атты бейнефильмнің көрсетілімі болды, «Шырайлым, Шымкентім» атты әдеби-композиция, «Мақтанышым мекенім» викториналық ойындар ұйымдастырылды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған