Шымкент: «Тұрандықтар» сапалы электр жарығына қол жеткізеді

0
49

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданы тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады.

Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жалпы жоба құны 2,3 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады.

Құрылыс жұмыстарын «Әсем Құрылыс» ЖШС-гі жүргізеді. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, Тұран шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер жаңадан салынған желілерге қосылып, электр қуаты тұрақты түрде берілетін болады.

Сондай-ақ, Тұран шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 75 % аяқталған. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қазан айында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз су берілетін болады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған