Шымкент: Этномәдени бірлестіктің ұйымдастыруымен фестиваль өтті

0
45

Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Русская песня» фестивалі өтті. Карантиндік талаптар сақталып, өткізілген іс-шараны көрермендер онлайн режимде тамашалады.

Фестивальдің ашылуына Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Е.Байқонақов қатысып, фестиваль қатысушыларына сәттіліктер тіледі.

«Пандемия кезіндегі белгілі шектеулерге сәйкес көптеген мәдени іс-шараларды тоқтатуға тура келді. Қиындықты бірлігімізбен, өзара татулығымызбен еңсере білдік.Қалалық славян этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Русская песня» фестивалі шектеулерден кейін қолға алынып жатқан алғашқы мерекелердің бірі. Қуанышымыз ұзағынан болсын дей отырып, барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!», — деді мекеме басшысы құттықтау сөзінде.

Айта кету керек, «Русская песня» жыр сайысы қалалық славян этномәдени бірлестігінің жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін мәдени іс-шарасы. Фестивальге ән әлеміне енді қадам басқан жас әншілермен қатар, әуесқой әншілер де қатысып, вокалдық әлеуетін, жеке орындаушылық шеберлігін көпшілік назарына ұсынады. Бұл байқау үлкен өнер додаларына қатысамын деген азаматтар үшін киелі сахнаға жетелейтін алғашқы баспалдақ іспеттес.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған