Wednesday, December 4

Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

0
153

Бүгін Шымкент қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысы барысында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков инженерлік инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Электр қуатымен қамту бойынша, 2020 жылы 13 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып 23,5 мың адам сапалы электр қуатымен қамтылған. Нәтижесінде көрсеткіш 93%-дан, 95%-ға өскен.
Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.
«Биылғы жылы электрмен қамту бойынша 3 қосалқы станса, 1 ағымдағы жөндеу, 16 елді мекенде ішкі жүйелер құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан бөлек, 1 нысанның ПСД дайын (Нұрсат, – 1 млрд. теңге) бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.
Жыл қорытындысымен 3 қосалқы стансаның, 1 ағымдағы жөндеу және 7 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95%-дан, 97%-ға дейін өседі»,- деді Б.Булатбеков.
Ал, қала тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін 2020 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2 нысанның құрылысы аяқталды (Тұран ш/а (1-ші кезек) және Асар-2 магистралдық газ құбыры). Нәтижесінде қала тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 92,1-ден 92,2 % жетті.
Бұл көрсеткішті жоғарылату мақсатында 2021 жылы 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Жыл қорытындысымен 1 газ станция, 2 магистралды 5 елді мекенде 11 мыңнан астам адам табиғи газбен қамтылады.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткішін 92,2%-дан, 93%-ға дейін көтеру жоспарда.

Leave a reply