Thursday, December 26

Шымкент қаласында 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Ashyq» мобильдік қосымшасы іске қосылды.

0
144

Жоба 1-деңгейге шектеулерді әлсірету жолымен шағын бизнеске шектеу шаралары кезеңінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «қызыл» аймақтағы кәсіпорынға «сары» аймақтың қағидалары бойынша індетті жұқтырғандар мен олармен қатынаста болғандарды кіргізбей, жұмыс істеуге рұқсат етіледі (кеш уақыттары, демалыс күндері және т.б.)
Мобильдік қосымша Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған (Ұлттық сараптама орталығы, бірыңғай ПЦР-зерттеулер порталы, COVID-19 бақылау орталығы, жекеше ПЦР-зертханалар, Президент Іс-Басқармасының Медицина орталығы) және ПЦР-тестер мен санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер деректерін пайдаланады.

Ғимаратқа кірер алдында қолданушы смартфонмен QR-кодты сканерлейді (немесе жеке куәлігін ұсынады) және өзінің мәртебесін көрсетеді. Ол ақпараттық жүйелерімен салыстырып тексеру негізінде беріледі: «қызыл» – ПЦР-тестің оң нәтижесі; «сары» – қатынаста болған; «көк» – ПЦР-тест міндетті болып табылатын орындарды қоспағанда, еркін жүріп-тұру; «жасыл» – ПЦР-тестің теріс нәтижесі.

Техникалық қолдау қызметінің байланыстары: азаматтар үшін 14-14; бизнес үшін 14-32.

Leave a reply