Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

0
50

Өткен жылы Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар үш кезеңге бөлініп атқарылды. Алғашқы кезең бойынша: қазіргі таңда қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылды. Олар: Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай), тұрғын алаптарында базалық станциялар толық іске қосылды. Асар, Асар2, Шымсити, Шымсити-2, Тұран және Ақтас-2, Айкөл шағын аудандары.

Биыл 2-кезең бойынша 14 жер қарастырылып координататалары мобильді байланыс операторларға жолданып, 8 жерге жеке инвестор қаражаты есебінен антенна-матчталық құрылғыларға мобильді байланыс операторларының базалық станциялары орнату жоспарлануда. Олар: А2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнар бұлақ (саяжай алабы), Тассай, «Құрсай, Р32 трассасы, Ынтымақ (Тұрлан) шағын аудандары. Қалған 6 елді мекендерге (Абдулабад,Забадам,226 Орам, Асар, Самал-3, Достық шағын аудандары) мобильді байланыс операторлары тарапы коммерциялық нысан иелерімен келісу арқылы базалық станцияларды орнату жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы аумағы бойынша интернет сапасы төмен 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптика тарту жұмыстары жүргізілуде.
Қазір «Digital Elements» ЖШС-і Көкбұлақ, Тассай, Таскен, тұрғын алаптарындағы 4 көшелерге (400 үйге) кабел жүргізіп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдауда.
Ал, «I-LinkNet» ЖШС тарапынан Ақжайық шағын ауданындағы 1 көшеге (158 үйге) кабел жүргізу жұмыстарын бастап, тұрғындардан интернет желісіне қосылуға нақты өтінімдер қабылдануда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған