Шымкент қаласы күні құрметіне Түркістан сарайында концерт өтті

0
43
Елбасы Н. Назарбаевтың «Адамға өмір бір — ақ рет беріледі және оны Шымкентте сүру керек» дегені бар. Өйткені, бізде жылдың төрт мезгілі де толық өтеді. Жеміс-жидектің, бақша өнімдерінің түр -түрі өседі. Осындай тамаша жаз күнінің бірінде, кеше, 18 маусымда Шымкент қаласы күні құрметіне Түркістан сарайында концерт өтті. Мұнда бүкіл жастық шағын еңбекпен өткізген, білім мен өнердің дамуына, қаланың көркеюіне үлес қосқан азаматтармен қатар жалындаған жастар шақырылыпты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаланың бүгінгі тыныс — тіршілігіне кеңінен тоқталып, алдағы атқарылар істерді де атап өтті. Мұнан соң əкім мен Шымкент қалалық мəслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов түрлі салада еңбек етіп, қазір зейнеттің рахатын көріп жүрген азаматтарға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Олардың арасында құрылысшы да, мұғалім де, өнер мен спорт саласында қызмет еткендер де болды.
Өнер көрсеткендер арасында Алтынай Жорабаева, Сəкен Майғазиев жəне бишілер мен өнерпаз жастар көпшілік ықыласына ерекше ие болды.
Қала күні құтты болсын! Шаһар гүлденіп, көркейе берсін. Əрқашан бəріміз аман болайық!

Leave a reply

Ақпарат қорғалған