Шымкент: Қаратау ауданында халық санағына байланысты жұмыстар пысықталды

0
37

2021 жылғы Ұлттық санағының алдында, маусым айында Қазақстанның барлық елді мекендерінде дайындық кезеңі жүргізілетіні туралы бұған дейін хабарлаған едік. 1-30 маусым аралығында интервьюерлер (тіркеушілер) әрбір елді мекен бойынша тұрғын жайлар, тұрғын үйлер (тұрғын жай ғимараттары) және тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын емес орындардың барлығын аралап, олардың тізімін және тұрақты тұратын тұрғындардың санын нақтылайтын болады.
Айта кетейік, Халық санағының 1-ші кезеңінің басты мақсаты – мекенжайлар мен онда тұратын азаматтардың санын нақтылау.
1-маусымнан бастап интервьюерлер және нұсқаушы-бақылаушылар қажетті мәліметтерді жинауда.
Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары М.Тажибаев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің өкілдерімен бірге аудан аумағындағы санақ учаскелерінің жұмыстарымен толықтай танысты.

Тұрғындардың назарына!

Нысандарды аралау кезінде интервьюерлер өздерін таныстырып, тегін айтулары және санақ интервьюерінің куәлігін көрсетуі керек, келуінің мақсатын нақты және қысқаша түсіндіріп, сол үй-жайда тұрақты (әдетте) тұратындардың мекен-жайларын және санын сұрайды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған