Шымкент: 1701 шақырым көше бойы зерделеніп, 301 дана жол белгілері орнатылды

0
45

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 17-мамыр мен 16-маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында көлік жүргізушілермен жасалған жалпы 14318 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандар: көлікті мас күйде басқарған – 110, техникалық байқаудан өтпеген – 765, заңсыз қайта жабдықтау – 145, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 209 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 4838, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 2888, маневр ережесін бұзған – 1108, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 83, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 625, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 632, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы – 170, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзу – 130, авариялық жағдай туындатқан – 128 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болған 2248 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді. Айыппұл тұрағына қойылған көлік құралдарының саны — 374-ке жетті. Авариялық қауіпті аймақ болып есептелетін 1701 шақырым көше бойы зерделеніп, 301 дана жол белгілері орнатылды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған