Шымкент: ҚР Еңбек Кодексі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына және 25 маусымда Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы» №190 конвенциясы күшіне енетініне байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері жоспарға сәйкес «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызметтер көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-сі жұмыскерлерінің еңбек жағдайымен танысып, Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) конвенциясы жөнінде және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясы осы іс-шара аясында «Іс-қимыл апталығын» жариялағанын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы ХЕҰ-ның №190 Конвенция қағидаларын өткізу науқанына қатысуға ниет білдіргенін хабарлады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің ұжымдық шарт тарауы бойынша ұжымдық шарттың тараптары, ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шартты әзірлеу және жасасу тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы, ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы, сондай-ақ жеке еңбек дауын қарау тарауы бойынша жеке еңбек дауын қарау тәртібі, жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімдері, жұмыскерді жұмысына қайта алу мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қатысушы қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді. Жиын соңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Орталықтың белсенді кәсіподақ мүшелеріне марапаттар тапсырды.
Атап айтқанда: филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-нің жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің емдік дене шынықтырушысы Шайырбеков Нұржан Асанұлы және филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-нің үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшенің меңгерушісі Нұрлыбаева Айгул Тұрсынқызы марапатталды.