Шымкент: әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға ай сайын қаржылай қолдау көрсетілуде

0
108
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау – басым бағыттардың бірі. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан әлеуметтік қамсыздандыру бағытында жылдан-жылға ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар санатына Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар; I ,ІІ және III топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары; көп балалы немесе аз қамтамасыз етілген отбасылар; заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер және кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 18 жасқа жетпеген жетім балалар жатады және т.б. азаматтар кіреді.
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, Шымкентте 125-тен астам 80 жастан асқан жалғызілікті қарияларға 2 АЕК, яғни 5834 теңгеден ай сайын қаржылай көмек беріледі. Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымның тізіміне сәйкес, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға 5 АЕК, яғни, 14 585 теңгеден ай сайын қаржылай көмек төленеді.
Мамандандырылған иммунды жұқтырған В-20 ауруымен ауыратындарға 24 АЕК яғни, 70 008 теңгеден ай сайын қаржылай көмек көрсетілуде. Кәмелетке жасқа толмаған ата-аналарынан айырылған 18 жасқа дейінгі 794 балаға 20 АЕК яғни, 58 340 теңгеден бір реттік ақшалай көмек төленеді.
Шымкент қаласында жалпы ай сайынғы және бір реттік жүргізілетін қаржылай көмектердің 13 түрі жүзеге асырылуда.

Leave a reply