«Шымқала» этноауылы – мегаполистің бір кереметі

0
113

«Шымқала» этноауылы – үшінші мегаполистің мақтанышы. Қаламызға келген қонақтардың дені қазір ең алдымен осында келгенді қош көреді. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған нысан жөнінде: «Бұл кешен Шымкенттің туризм әлеуетін жаңа белеске көтереді деп сенеміз» деген болатын.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына тарту болған алып кешенде бүгінде екі негізгі туристік бағыт бар. Екеуі оңтүстік және шығыс қақпалардан басталады. Этноауылды қала тұрғындары ерте көктемнен күзге дейін, дүйсенбі мен жексенбі аралығында келіп, тамашалай алады.

Этно ауылда бұдан бөлек жәрмеңке де ұйымдастырылады. Туристерді тартуға арналған орталықтың ерекшелігі мұнымен бітпейді. Сондай-ақ театр шатыры мен ашық аспан астындағы сахна да құрылған. Жауапты мамандар енді мұнда фотосессия жасап, той ұйымдастыруға да мүмкіндік берілетінін айтады.

Айта кетейік, «Шымқала» этноауылы биыл 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде ашылған болатын. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысқан еді.

Leave a reply