СОЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОЛ БОЙЫНДА ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ МУЛЯЖДАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

0
40
Мұндай белгі Созақ ауданындағы ең қауіпті саналатын облыстық маңызы бар жолдарға қойылды.
Шолаққорған-Шымкент бағытына 2 дана (жылқы, сиыр), Шолаққорған-Түркістан бағытына 1 дана (жылқы) және Шолаққорған-Таукент бағытында 1 дана (түйе) барлығы 4 дана ірі қара малының муляж орнатылды. Ірі қара малдың макеті алыстан анық әрі шынайы көрінеді. Макет екенін жақыннан ғана көруге болады. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін алғаш рет ауданда қойылып отыр. Жол қозғалысын баяулатуы қажет ең қауіпті, әрі ірі қара мал көп жүретін учаскелерге орнатылды.
-Жол көлік оқиғаларының алдын- алу, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп орнатылған белгілер. Бұл ірі қара малының муляжын арнайы мал жайылымы тұсына орнаттық. Себебі көп жағдайда ірі қара малмен көлік соқтығысы орын алып жатады. Алдағы уақытта өз нәтижесін беріп, оқыс оқиғаларды азайтады, -деп сенеміз дейді аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергенов.
Бұл жұмыстар жалғасын тауып, елді мекендер арасында ірі қара және майда малдың макеттерін (муляж) санын арттыру жоспарлануда. Мұның барлығы аудан халқының және келуші қонақтарына жол қауіпсіздігін сақтауды ескертіп, оның алдын алуға үлкен септігін тигізеді.

Leave a reply