ТҮРКІСТАН ЖОЛДАРЫНДА 30 «СЕРГЕК» КАМЕРАЛАРЫ ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰР

0
53

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков брифингте облыс тұрғындарына мәлімдеме жасады. Облыс орталығы – Түркістан қаласына 30 жылдамдық өлшегіш пен 26 көше қиылысына орнатылған «Сергек» 2022 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылады. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Тәуке-хан, Саттарханов даңғылдарымен, Қызылорда тас жолы «Газпром» АЗС тұсында, Кентау, Атабай, Балтакөл, Шымкент тас жолдарында.

Сондай-ақ, Жібек Жолы, С.Ерубаев, Б.Майлин, Майкотов, Самара М32 Шымкент, С.Қожанов, Қарадауов, Мега орталығы тұсында, Қазыбек би, Жарылқапов, Алтынсарин, О.Жандосов, Тәуелсіздіктің 10 жылдық, Бірлік, Шекті Тілеу, Әль-фараби, Сандыбай көшелері қиылыстарындағы бейнебақылау камералары жұмыс істемек.

Брифинг барысында А.Тастанбеков: «Қазіргі таңда облыс бойынша 28 зияткерлік жүйелер іске қосылған. Оның шінде 23-і тұрақты және 5 құрылғы жылжымалы. Бұл зияткерлік жүйелер Түркістан қаласымен қатар, облыс аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға орнатылған. Аталған бейнебақылау камералары жол-көлік оқиғалары орын алған уақытта дер кезінде анықтап, жедел шаралар қолдануға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл құрылғылар арқылы облыс полицейлеріне құқық бұзушылықтарды анықтауға және қылмыстарды тезірек ашуға әрі оның салдарын еркін анықтауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған