Түркістандық полицияға жаңа көліктің кілтін табыс етті

0
49

Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Облыс әкімі тәртіп сақшыларын құттықтап, жаңа көліктердің кілтін табыс етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының әлеуметтік және материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырған болатын. Бұл бағыта Түркістан облысында нақты жұмыс бар. Қазіргі таңда Түркістан қаласында Полиция департаментіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Елде тыныштықты сақтауда, Түркістанды түлетуде сіздердің де қосар үлестеріңіз мол», – деді Дархан Сатыбалды.

 

Жыл басынан бері Түркістан өңірінің полиция қызметкерлеріне 252 жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды. Соның бірқатары бүгінгі салтанатты жиында тәртіп сақшыларына ұсынылды. Атап айтсақ, ҚР ІІМ мен жергілікті әкімдіктің қолдауымен өңірдің патрульдік полиция қызметкерлері – 94 бірлік, учаскелік полиция инспекторлары – 64 бірлік, уақытша ұстау изоляторы – 12 бірлік, аудандардың тергеу бөлімі – 17 бірлік, кезекші бөлімдер – 20 бірлік қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ қала, аудандарға автобустар мен автозактар үлестірілді.

 

Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. JPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.

 

Leave a reply

Ақпарат қорғалған