ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР Ə.НҰРМАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҒАЛАМАТ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

0
134
Түркістанда Қазақстан Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері болған, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Əбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды. Рингте 10 салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып марапатталды.
Кезінде елімізде бокстың өркендеуіне өзінің мол үлесін қосқан бапкер Əбдісалан Нұрмаханов қазақстандық боксшылардың олимпиада ойындары мен əлем чемпионаттарында атой салуына қажырлы еңбек сіңірді. Ешбір олимпиададан жүлдесіз оралмаған ұлттық құраманың жігіттері қазір де өз бабында. Бұған дəлел, бүгін мəресіне жеткен осы халықаралық турнир. Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен ең мықты деген адуынды 154 боксшы турнирдің бас жүлдесін сарапқа салды.
Жекпе-жекте өздерінің шеберліктерін көрсеткен түркістандықтар 1-алтын, 2-күміс, 3-қола алқаны еліміздің қоржынына салды. Рингте 52 келі салмақта өнер көрсетіп, қарсылас шыдатпаған жерлесіміз Ержан Жомарт турнирдің жеңімпазы атанды.
Шыны керек, Токио олимпиадасы қарсаңында қазақстандық боксшылардың бұған дейін бағындырған биік белестерінде екендігіне ел сүйсінді. Халықаралық бокс бəсекесін жоғары деңгейде ұйымдастырған Түркістан облысы əкімдігі мен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы. Бұл жарыстың жыл сайын əлемдік аренаға көтеріліп жатқанын облыстық №5- олимпиадалық спорт мектебінің директоры Сейтжан Жанысбаев та айта өтті.
Қазақстанда нөмір 1-саналатын бокс спорты қазір халықаралық деңгейде өркендеуде. Жекпе-жекте жеңіске жеткен Түркістан облысының спортшылары арасында 60 келіде Асхат Тастанбек күміс жүлдегер атанса, 69 келіде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Бекдаулет Ибрагимов турнирдің жүлдегері атанды. Шаршы алаңда 81 келі салмақта ел намысын қорғаған Əбдікерім Бекболат қола жүлдені қанағат етті.

Leave a reply