Қала әкімі әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты үйлердің құрылыс алаңында болды

0
60
Шымкент қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 9 қабатты 56 пәтерлі тұрғын үйлердің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған көпқабатты үйлердің құрылыс алаңына барып, құрылыс сапасын бақылады, деп хабарлайды Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Мердігер мекеме құрылысы 2019 жылы басталған нысанды биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Пәтерлердің жалпы ауданы – 9 345,33 шаршы метр.
Қала әкімі жауапты мердігерге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді.
Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің инженерлік инфақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде. Мердігер мекеме – «СМУ «БУРВОДСТРОЙ» ЖШС және «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС.
Мұрат Дүйсенбекұлы аталған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын аралап көрді. Жауапты мердігерлер нысандардың құрылысын 2021 жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлауда. Шаһар басшысы тиісті сала басшысына мердігер мекемелердің жұмысты сапалы орындауын бақылауды, кемшіліктер орын алса қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.

Leave a reply