«Қауіпсіз қала» жобасы аясында мегаполисте “Сергек” камераларының саны артуда

0
46

Шымкентте бірқатар көшелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолақта “Сергек” аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылған болатын. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәлімдеуінше, жақында Шымкент қаласы, Б.Момышұлы көшесі «Шымкент Цирк» тұсында жаяу жүргіншіге арналған жолақта “Сергек” аппараттық- бағдарламалық кешені іске қосылған еді. «Жылдамдық 40 км сағатына, автокөлік егелеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты арттырмауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

Жалпы Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік практика бөлімімен жол қозғалысы ережелерін бұзудың көрсеткіштері зерделенді.
Осы орайда, таяуда Шымкентте «Сергек» камераларының орны ауыстырылды. «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені төмендегі көшелердің бойына ауыстырылған болатын:
— Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Жолшы» дүкені жанына; (жылдамдық 60 км сағатына)
— Арғынбеков көшесі бойындағы Шымкент SPA кешені тұсына;
(жылдамдық 60 км сағатына)
— Бәйдібек би даңғылы бойындағы Aster Auta кешені маңайына;
(жылдамдық 40 км сағатына)
— Б.Момышұлы көшесі бойындағы «Шымкент Цирк» тұсына;
(жылдамдық 40 км сағатына)

Полиция департаменті қала тұрғындарынан жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жылдамдықты асырмауды сұрайды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған