Өрттің өршуіне жол бермеді

0
46

Санжарбек Досназаров сауатты, кәсіби іс-әрекеттері, өртті сөндіру кезінде көрсеткен батылдығы мен ержүректігі үшін Ардагерлер кеңесінің атынан «Өртке қарсы қызметке 100 жыл» медалімен және Шымкент қаласы ТЖ департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

Еске сала кетейік, 11 маусым күні сағат 11:18-де Шымкент қаласында Тәуке хан мен Ақпан батыр көшелерінің қиылысында «Зил» маркалы жүк автомобилінің мотор бөлігі мен кабинасы жанған болатын. Өрт 11:28-де ауыздықталып, 11:42-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 2 техника мен 9 адам жұмылдырылды.

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін «Магнум» сауда кешенінің қызметкері Санжарбек Досназаровтың сауатты іс-қимылдарының арқасында өрт сөндіріліп, оның одан әрі таралуына жол берілмеді. Дер кезінде батыл қадам жасаған Санжарбек Досназаров оқыс оқиғаның өкінішпен аяқталуының алдын-алды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев жас жігітке алғыс хат табыстап, азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған