Айжұлдыз Адайбекова бұрынғы күйеуінің екінші рет отбасы құруына қатысты пікір білдірді
Жанар Айжанованың қызы бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлашқа бақыт тіледі. Бұл туралы Infonews сайты хабарлайды.
Айжұлдыз Адайбекованың желідегі оқырмандары бұрынғы күйеуінің екінші рет отбасын құрып жатқанына қатысты ойын білгісі келді. Оқырманның: “Қыран саған ұқсаған біреуді тауып алыпты” деген пікіріне Айжұлдыз:
“Достар, менің аудиториям мұндай емес еді. Бұл қайдан шыққан өшпенділік? Исламда жақсы сөз бар: біреу үшін қуана білу – тақуалықтың белгісі. 99 күнә тілден. Бәрі Алланың қалауымен, керісінше бақыт тілеп, қуаныңыздар. Мен де тілекшімін”, – деп жауап берді.
Айжұлдыз соңғы күндері ел аузында жүрген әңгімеден қашпайтынын ашық айтты.
“Мен бұл тақырыптан қашқақтайды деп ойладыңыздар ма? Жоқ, әрине. Аллахым бақ берсін. Бақытты да балалы болсын. Өте әдемі жұп, маған ұнайды”, – деп ойындағысын жасырмады ол.