«АЛМА СПК» ШҰЖЫҚТЫҢ 47 ТҮРІН ШЫҒАРАДЫ

0
45

Сайрам Ауданының Қарасу ауылында орналасқан өндіріс орны 2006 жылы іске қосылған. Жер көлемі 0,45 гектарды құрайтын шұжық цехы айына 1 тонна өнім өндіреді.  «АЛМА» шаруашылық өндірістік кооперативінің басшысы Ақылбек Шалқаровтың айтуынша, бүгінде кәсіпкер 23 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өнім көлемі айына 1 тоннаны құрайды. Жаңа цех ашу жоспарымен қосымша ғимарат дайындаған. Әзірге қажетті техникалық жабдықтауға тағы 50 млн теңге қаржы жетпейді дейді кәсіпкер.  «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрген өндіріс орны шикізатты «Шұбар» асыл тұқымды кешені» ЖШС мен «Delice» ЖШС және «Сынар Групп» ЖШС-нен алады. Өнім бүгінгі таңда тек ішкі нарықта саудалануда.

Leave a reply