АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ

0
46

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері, штаб мүшелері Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.


Ел Президенттігіне жалпыхалықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері жиналған жұртшылыққа сайлауалды бағдарламаны таныстырды.
Мемлекетіміздегі барлық салаға дерлік қамтылған бағдарламаның халық игілігіне бағытталғанын алға тартқан штаб мүшелері жас кәсіпкерлерге екі жарым пайызбен несие беруді бастау, креативті индустрияны дамыту, жастар үшін екі миллионнан астам жұмыс орнын ашу, бағасы қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлер салу, жеке баспана сатып алу құралдарын дамыту, шәкіртақыны екі есеге арттыру және жұмысшылардың құқығын қорғау мәселелері кеңінен қолға алынып жатқандығын сөз етті.
Соның ішінде баяндама жасаған Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі М.Дәулетов өз сөзінде:
— Баршаңызға мәлім, экономиканың негізі саналатын халқымыздың атакәсібі — ауылшаруашылығын дамытуға баса назар аударылып отыр. Соған байланысты мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, қаржылай көмек беру де қолға алынады», — деп аталмыш салада еңбек етіп жүрген шаруаларды қолдау мақсатындағы игі қадамдар тұрғысында баяндап, оны жүзеге асыру жолдарын көпшілікпен талқылады.
Осылайша еркін форматта өткен жиында сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ, кездесуде штаб мүшелері ауыл тұрғындарын дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған