АҚСУКЕНТТЕ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
52
Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылының Астана даңғылы бойындағы «Торнада» су ұңғысындағы су сорғысының ағымдағы жылдың 23 сәуір күні түнгі уақытта істен шығу жағдайы орын алған.
Аталған ауылдық округі аумағындағы ауыз су жүйесіндегі құрылғысында апатты жағдай орын алу салдарынан, Ш.Уәлиханов, Мұса Жәліл, Беруни, Әл-Фараби, М.Мәметова, Құрбанов секілді көшелердегі 540 ауыз су тұтынушы уақытша ауыз сусыз қалған болатын.
Аудан әкімдігі бақылауға алынып, қазіргі уақытта «Сайрам тазалық» ЖШС-і мекемесінің тарапынан 2 техника және 8 адам жұмылдырылып, су сорғысын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Мекеме тарапынан бүгін таңертең сағат 12:00-ге дейін ауыз су қайта қосылатын болады.
Айта кетелік, аталған нысанға биылғы жылы су ұңғымасын жөндеу жұмыстары үшін аудандық бюджет есебінен 28,7 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Конкурс нәтижесімен мердігер мекеме «Elorda-Kurilis» ЖШС-і жеңімпаз болып танылған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған