Байбектің әйелі Нұр-Сұлтан қалалық сотында жұмыс істемейді

0
56

Бауыржан Байбектің әйелі Нұр-Сұлтан қалалық сотынан кетіп қалды, бірақ жақын арада қайтып келуге уәде берді, деп хабарлайды Infonews.kz сайты Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жанар Байбек (Бауыржан Байбектің бірінші әйелі – Жанар Рахметовамен шатастырмау керек) – 2018 жылдан бері Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы. Жанар Байбекті бұл қызметке экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаған. Ол бұған дейін сол кездегі Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметін атқарған.

Бірақ Нұр-Сұлтан қалалық сотының сайтында судья Байбек туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Orda.kz редакциясы сотқа ресми сауал жолдады. Сот Жанар Байбек қазіргі таңда онда жұмыс істемейтінін хабарлады. Судья 2021 жылдың 21 қыркүйегінен бастап бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан.

«Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы Жанар Байбек 2021 жылдың 21 қыркүйегінен бастап балаға үш жасқа толғанға дейін күтім жасау бойынша демалысқа шықты. Қазіргі уақытта судья Байбек Жанар іс жүзінде сот төрелігін жүзеге асырмайтындықтан, қалалық соттың ресми сайтында бұл судья туралы ешқандай ақпарат жоқ. Сайтта қазіргі сот төрелігін жүзеге асыратын судьялардың толық аты-жөні жарияланған» деді сот.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған