БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ
Түркістан қаласында Мұсабеков көшесі, 2а мекен-жайында қарттар мен зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ғимаратының ашылу салтанаты өтті.
Мұнда өзін-өзіне қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, психологиялық, экономикалық, құқықтық, ағартушылық, тұрмыстық еңбек, әлеуметтік –демалыс және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерін және бос уақытын пайдалы өткізудің кешенін өткізу олардың белсенді өмір салтын сақтау және дамыту көзделген.
Белсенді ұзақ өмір орталығында дәрігердің бақылау мен кеңесі бойынша психологтың көмек, тұзды бөльме, сенсорлық бөльме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және тенис ойын алаңы, қосымша би, ән т.б үйірмелер қызмет етуде.
Ерекшелігі 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодленаж классикалық, гуаша, баночный және акапунктурный массаждарды жасайды.
БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грижа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде.
Бүгінгі күні Түркістан қаласында 14915 зейнеткер тұрады.
Орталықта аталған қызметтерді күніне 60-70 зейнеткер, айында 150-200адам қызмет алуға немесе оның үлесі қалада тұратын зейнеткерлер санының 16 % құрайды.