БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

0
69
Түркістан қалалық Мәдениет үйінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Ұжым қызметкерлерімен өткен шарада жемқорлықтан аулақ болу жайында ойлар ортаға салынды. Өз кезегінде Мәдениет үйінің қызметкері Сәуле Шомпиева сыбайлас жемқорлықтан жалпы адамзаттың аулақ болуы қажеттігін айтып, еліміздің дамуы үшін адал қызмет етудің маңызы ерекше екенін атады. Сонымен қатар Құралай Төлекеева мен Аманкүл Асқарбаева өз ойларын ортаға салып осындай отырыстардың өтіп тұруының берері мол екендігін жеткізді. Жиын барысында жас мамандар өздерінің бұл дөңгелек үстелден алған әсерлерін айтып, еліміздің ертеңі үшін адал қызмет ететіндіктерін де назардан тыс қалдырмады. Лиза ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған