“Бір тудың астында” акциясы аясында шеру ұйымдастырылды

0
50

Тәуелсіздікті ұлықтайтын мерекені дәріптеуге түркістандық жастар да белсене атсалысты. «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы “Бір тудың астында” акциясы аясында шеру ұйымдастырды. Қ.А.Ясауи кесенесі маңынан электрокармен басталған шеру “Керуен Сарай” ойын-сауық орталығына дейінгі бағытты қамтыды. Жастар Мемлекеттік рәмізіміз Туды көтеріп, қала тұрғындары мен қонақтарына патриоттық рух сыйлады. Жүздеріне қуаныш ұялаған азаматтар ұялы телефондарына әсем көріністі таспалап, жастардың бастамасына өз ризашылықтарын жеткізді.

Мұнан әрі қаланың бас көшесі Б.Саттархановтың бойымен әкімшілік-іскерлік орталығы аралығында автошеру ұйымдастырылды. Жалпы 50-ге жуық белсенді жастың басын біріктірген шараның ұйымдастырушысы акцияның мақсатымен бөлісті.

Мемлекет басшысының айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, болашақтың кілті циф­р­­лық технология мен инновацияда. Сондық­тан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту керек.
Президент білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алатынын айтты. Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Ел жас­тардан тың бастамалар және озық идея­лар күтеді.
Екіншіден, жастар адал еңбекті бағалап, рухы биік, санасы сергек болуға тиіс. Жаңа за­манның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерін де естен шығармау керек. Мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керек екенін айта келіп, Президент әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді.
Үшіншіден, отаншылдық қасиет туралы Мемлекет басшысы әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіну керек екенін, туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз істен көрінетінін, алдына мақсат қойған азамат нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналатынын ерекше атап өтті.

Leave a reply