БҚО-да 2 мыңнан аса киік мүйізі тәркіленді

0
43

Оралда полицейлер мен ҰҚК қызметкерлері бірлесіп өткізген «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде аса ірі көлемде киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дериваттарды заңсыз сатумен айналысқан бес күдікті шағын аудандардың біріндегі жеке тұрғын үйде ұсталған. Тінту барысында  олардан 2 мың данадан аса киік мүйізі табылды. Соның салдарынан мемлекетке бірнеше миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген.

Осы факт бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Және де тиісті барлық сараптамалар тағайындалды. Аталған бес азаматтың төртеуі осы облыстың тұрғындары, біреуі сырттан келген деп отыр, жас ерекшеліктері 22 мен 45 жас аралығындағы азаматтар, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған