БӘЙДІБЕКТІК ШАРУА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДӨҢГЕЛЕТІП ОТЫР
Бәйдібек ауданындағы Жамбыл ауылында Тынысбаевтар отбасы 2013 жылдан бері жылыжай шаруашылығымен айналысады. Жылыжайға биыл алғашқы рет 5 000 түп құлпынай егіліп, жақсы өнім жиналған. Сондай-ақ, 12 мың түп қияр, 400 түп жаңа сортты қызанақ егілген.
Бақша өнімдері ауыл дүкендеріне, артылғаны Қызылорда, Шымкент қалаларына жеткізіліп отыр. Мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланған шаруа бүгінде үш азаматты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта отбасылық кәсіпті кеңейту мақсатында 50 соттық жылыжай маңынан тағы да 50 соттық жер алып, он адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Бүгінде Түркістан облысында әлемдегі ең ірі жылыжайлардың бірі салынып жатыр.Жобаның бірінші кезегін келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар.Айта кету керек, “ЭКО-культура” — 13 жыл бойы тұрақты дамып келе жатқан, жабық топырақта экологиялық таза көкөніс өсіретін ірі агроөнеркәсіптік холдингтің бірі. Бір жыл ішінде өндірген өнім көлемі 300 мың тоннадан асады. Өз кезегінде Қазақстандағы инвестициялық ахуал мен нақты өндірісті қолдау шаралары ел аумағында экономика үшін маңызды жобаларды іске асыруға ықпал етеді.
“Холдинг Түркістан облысы Келес ауданында жылыжай кешенін салып жатыр. Бүгінгі таңда 51 га жер учаскесінде жылыжай ашудың бірінші кезеңі жүзеге асырылуда, онда жылына 28 мың тоннадан астам қызанақ өсірілетін болады”, – деп жазылған хабарламада.
Кездесуге қатысушылар 500 га жерді қамтитын жылыжай кешенінің аумағын кеңейту жобасын талқылады. Бұл жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өсіруге мүмкіндік береді. Өндірілетін өнім ішкі нарыққа жеткізіледі, сондай-ақ логистикалық және тарату орталықтарының келісілген арналары арқылы шетелге экспортталады.
Жобаның бірінші кезегін келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар.
Александр Рудаковтың айтуынша, бұл әлемдегі ең ірі жылыжайлардың бірі болмақ. Мұнда 7 мың жұмыс орнын ашу көзделген. “ЭКО-культура” холдингі жергілікті тұрғындар үшін бәсекеге қабілетті еңбек жағдайын тудырып, әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде өңірдің дамуына елеулі үлес қосады.
Үкімет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына тоқталды.
“Бізде ішкі нарықты қамтамасыз етіп, өнімді экспорттауға толық мүмкіндік бар. Бүгінде ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруді және экспорт көлемін одан әрі арттыруды мақсат етіп отырмыз. Аталған бағытта біз инвесторларды тартуға мүдделіміз және ауқымды жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз”, — деп атап өтті Олжас Бектенов.