ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ АЙМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
46

Бүгін Еңбекші ауданына қарасты  «Күншығыс» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын    үйлердің аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Оған Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Сенбілікте балалар ойын алаңшаларындағы ойын элементтерін және орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратын ағаш бұтақтары  қырқылып, аула сыпырылды.

Аталған жұмыстарға ауданның тазалығына  жауапты  «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Бəйтерек ЛБ» ЖШС, «НұрТау сервис» ЖШС, «Арнайыавтокөлік» ЖШС, «Инком» ЖШС,     « ИП Борақпаев  Bilb Stroi» ЖШС,»Техэкосервис» ЖШС-і тарапынан 10 арнайы техника мен 150-ге жуық адам жұмылдырылды.

Ауданның тазарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, қала аумағында 8 саябақ, 39 гүлзар мен аллея, 50 ескерткіш күтімге алынған. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы теңгеріміндегі жасыл желектер көлемі 152 гектарды құраса, оның 115 гектары саябақ аймақтарына тиесілі. Сондай-ақ, қаладағы 37 субұрқақ пен 44 ұңғыманы күтіп-ұстау міндеттері де осы басқармаға жүктелген.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған