Қазақстандық спортшы Головкин — «Канело» айқасы туралы ойын айтты

Аралас жекпе-жек шебері Артем Резников айқастарда спортшының атағына байланысты басымдық беріп жіберу жиі кездесетінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
«События в мире бокса и ММА» арнасына берген сұхбатында қазақстандық спортшы Головкин — «Канело» айқасы туралы ойын айтты.
— «Канело» — Бивол жекпе-жегін алайық. Бәрінің айтқаны: «Канело» жеңді. Бивол жеңді деп ешкім айтпас еді. Мұндай сирек. Неге? Өйткені «Канело» — атақты боксшы, ал Бивол — ондай емес еді. Көпшілік спортшының дағдысына қарай емес, атағына байланысты шешім шығарады. Аты белгілі болса, демек мықты деп ойлайды. Олай емес қой.
— Альваресті төрешілер барынша көтермеледі…
— Бір-екі раунд артықшылық берді, бұл күлкілі ғой.
— Ал Головкин Альваресті жеңді ме?
— Біріншісінде, иә, анық жеңді. Екіншісін айта алмаймын.
— «Канеломен» үшінші айқаста Головкиннің жасы өз әсерін тигізе ме?
— 40 жас өзінікін бәрібір алады, дегенмен, Геннадий бұл жолы жеңсе, тарихқа атын жазып кетеді.
— Нокаут болса ғана жеңе ме?
— Жоқ, оның тыныс алуы жақсы. Кейінгі айқасында ол соңына қарай шабуылын үдете түсті. Функционалы жақсы, ұпай санымен де жеңе алады.
— Төрешілер бере ме екен?
— Төрешілер бермей қою ықтимал, иә.