Қазақстандық спортшы Головкин — «Канело» айқасы туралы ойын айтты

0
58

Аралас жекпе-жек шебері Артем Резников айқастарда спортшының атағына байланысты басымдық беріп жіберу жиі кездесетінін айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

«События в мире бокса и ММА» арнасына берген сұхбатында қазақстандық спортшы Головкин — «Канело» айқасы туралы ойын айтты.

— «Канело» — Бивол жекпе-жегін алайық. Бәрінің айтқаны: «Канело» жеңді. Бивол жеңді деп ешкім айтпас еді. Мұндай сирек. Неге? Өйткені «Канело» — атақты боксшы, ал Бивол — ондай емес еді. Көпшілік спортшының дағдысына қарай емес, атағына байланысты шешім шығарады. Аты белгілі болса, демек мықты деп ойлайды. Олай емес қой.

— Альваресті төрешілер барынша көтермеледі…

— Бір-екі раунд артықшылық берді, бұл күлкілі ғой.

— Ал Головкин Альваресті жеңді ме?

— Біріншісінде, иә, анық жеңді. Екіншісін айта алмаймын.

— «Канеломен» үшінші айқаста Головкиннің жасы өз әсерін тигізе ме?

— 40 жас өзінікін бәрібір алады, дегенмен, Геннадий бұл жолы жеңсе, тарихқа атын жазып кетеді.

— Нокаут болса ғана жеңе ме?

— Жоқ, оның тыныс алуы жақсы. Кейінгі айқасында ол соңына қарай шабуылын үдете түсті. Функционалы жақсы, ұпай санымен де жеңе алады.

— Төрешілер бере ме екен?

— Төрешілер бермей қою ықтимал, иә.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған