Thursday, November 21

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ЖАСКЕШУДЕ 900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРУДЕ

0
47

Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынғаны белгілі. Осы ретте Сарыағаш ауданының басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінде «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 900 орындық мектептің инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту жұмыстарына арнайы барып, мән-жайымен танысты. Айта кетсек, нысанда интернет желісінің 966 метр полиэтилен құбырлары бетон сақиналары қазылып,78 метр жер асты газ тарту жұмыстары траншеялары қазылған және полиэтилен құбырлары орнатылған.Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан басшысы жауапты мердігер мекеме өкіліне құрыс жұмыстарына жоспарға сәйкес сапалы аяқтау қажет екенін жеткізді.

Ұлттық жоба аясында 2025 жыл­ға дейін елімізде 401 жаңа мектеп салу қарастырылып отыр. Заманға сай салынатын бұл мектептер 842 мың оқушыға шақталған. Осының нәтижесінде, елдегі үш ауысымды оқу үдерісінен құтылуға мүмкіндік бар. Мәселен, Алматы облысында салынатын 63 жаңа мектепте 136 мыңға жуық бала оқитын болады. Ал елордадағы 24 жаңа мектеп 88 мың оқушыны қабылдауға қауқарлы.Жобаларды бағалау кезінде қол­даныстағы стандарттар, ел Үкіметі бекіткен техникалық тапсырма, сон­дай-ақ озық халықаралық тәжірибе ескеріледі. Құрылыста отандық өнді­ріс материалдарын пайдалануға басымдық берілмек. Жаңа мектептер 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000 немесе 2 500 орын­дық деп белгіленген жеті түрлі нұс­қаның біріне сай салынуы қажет. Олардың әрқайсысында роботтехника кабинеті, бірнеше зертхана, ауданы 88 шаршы метр болатын хореография залы, үш коворкинг алаңы (бастауыш сынып оқушылары, орта сыныптар және мұғалімдер үшін) болуы керек. Сондай-ақ мектептерде бастауыш сыныптары (9х18м) мен орта буын, жоғарғы сынып оқушыларына (36х18м) бөлек спорт залдары болады. Әр сыныпта интерактивті тақта және мұғалімге арналған компьютер қойылады. Жаңа мектептерде ерекше балалар үшін кедергісіз орта құрылуы керек: арнайы пандустар, лифтілер, дәретханалар, инклюзивті білім беру бөлмесі дайындалады. Сонымен қатар интерьер дизайнының бірқатар элементі мен архитектуралық шешімдері ұлттық нақышта жасалуға тиіс

Leave a reply