Сауран ауданында Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары пысықталды

0
56
Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
 Мәжілістің күн тәртібінде 21 наурыз Түркістан қаласында өтетін облыстық және 22 наурыз Сауран ауданында өтетін Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары туралы аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жұмабекова, Сауран ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы мен құрылыс жобалары туралы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Төребеков баяндама жасады.
 Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жұмабекованың мәлімдеуінше ауданда «Төрлет, әз-Наурыз» мерекесі 22 наурыз күні аталып өткізіледі. Бұдан бөлек, Түркістан облысы әкімі орынбасарының іс-шара жоспарына сәйкес, «Қош келдің, әз-Наурыз!» мерекесіне орай, аудан көлемінде 10 күндік бағдарлама бекітілген.
 Осы іс-шаралар аясында 14 наурыз күні «Әз-наурыз-халық тойы» атты тақырыпқа сәйкес, ауылдық округтертегі зиялы қауым, жастар, мәдениет қызметкерлері мен спортшыларды тарта отырып, челендж ұйымдастырылады. Осы күні «Дәстүрлі шара-денсаулық кепелі» атты аудандық марафонға әр ауылдық округтен 50 адам қатыстыралады. Ал, 15 наурыз күні барлық мемлекеттік қызметшілер ұлттық нақыштағы киімдерін кию челенджін бастаса, 16 наурыз күні «Бірліктің бастауы-қазақтың дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесі, 17 наурыз күні «Ұлттық спорт-ұлт қуаты» атты тақырыпта қазақша күрестен облыстық турнир, 20 наурыз күні тоғызқұмалақтан ашық біріншілік өткізіледі.
 Сонымен қатар, 20 наурыз күні «Төрлет, әз-Наурыз» атты тақырыпта ауыл жастарымен танымдық мәдени шарасы, 21 наурыз күні «Көне шаһардан-рухани қалаға» атты Түркістанға көш керуен арнайы барып, киіз үй тігіп, мерекелік бағдарламаларын ұсынатын болады. Ал, 22 наурыз күні «Ежелгі Саурандағы әз-Наурыз» атты аудан әкімдігінің мерекелік шарасымен қорытындылатын болмақ.
 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Сауран ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы мен құрылыс жобалары туралы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Төребеков тоқталып өтті.
 Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне дайындық пен аудан көлеміндегі тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған