Жасалынып жатқан жұмыс бар, нәтиже де жаман емес

0
49

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков алты сектордың тұрғындарымен төртінші мәрте жүздесті. Ол бұған дейінгі кездесулер барысында тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен қордаланған мәселелердің кезең-кезеңімен атқарылып келе жатқандығына тоқталды.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен жыл басынан бергі кездесулерде 112 мәселе көтерілген болатын. Оның 67 – і орындалды. 9 жол мен көлік саласы, 17 инфрақұрылым, алты қоғамдық көлік, сегіз абаттандыру және 13 басқа да мәселелер өз шешімін тапты. Тоғыз мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. 36 мәселенің заңға сәйкестігі түсіндірілді.

Қала әкімінің баяндауынша, барлық секторларға ортақ өзекті мәселелер бір арнаға тоғысады.

Оның ішінде ең өзектісі-қала көлеміндегі жолдардың жайсыздығы. Қала аумағында 845 шақырым жол бар. 875 көше орналасқан. Оның ішінде 316,1 шақырымы асфальт жол, 392,5 шақырымы тас жол, 136,4 шақырымы топырақ жол. Нәтижесінде, 2022 жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4% дан 39,5% артты. Нәтижесінде, асфальт жол 333,6 шақырымды құрайды. Пайызға шаққанда 39,5% жеткізілді. Тас жол 478,3 шақырымды құрап 56,5% жеткізілді. Күні бүгінге дейін топырақ жол 33,1шақырымда орын алып отыр.

-Тұрғындармен кездесулерде көбіне жұртшылық өкілдері өздері орналасқан сектордағы жолдардың тезірек жөнделгендігін қалайды. Бұл дұрыс. Бірақ сабыр сақтаңыздар. Себебі бұл көшелердегі жолды жөндеу жұмыстарын бастау үшін алдымен жобалық сметалық құжаты жасалады. Одан кейін байқау жарияланып, мердігер анықталған соң ғана жұмыс басталады. Бұл жедел орындала қалатын мәселе емес. Қала бойынша жолдарға тас төсеу, асфальттау жұмыстары кезең-кезеңімен орындалып келеді, – деп әкімі халыққа басу айтты.

 

ТОҚСАН ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұдан кейінгі аса маңызды мәселенің бірі – қаладағы қоғамдық көліктердің уақытында жүріп-тұруы және қалаға жаңадан қосылған секторлардағы соңғы жылдары салынған тұрғын үйлерге дейін жеткізілуі.

Шаһар басшысының баяндауынша, қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің сексенге жуығы сыйымдылығы жоғары автобустар. Қалған 142-сі шағын автобустар. Олар жаңартуды қажет етеді. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды.

Оның 40 – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38 – «Жолаушы» ЖШС иелігінде. Соның нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды.

Келесі жылы автобустарды жаңарту жұмыстарын 85 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Бұл кезек күттірмейтін мәселе,-дейді қала әкімі.

 

ТАБИҒИ ГАЗ ӘР ҮЙГЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Қаладағы ең өзекті мәселенің бірі болып отырған мәселе киелі шаһарды табиғи газға қосу мәселесі. Қала әкімінің баяндауынша, Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды. 1877-сі әлі күнге дейін қосылмаған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38-060 абонент пайдаланып отырса, оның ішінде дербес шот ашылғаны – 31 240 болып отыр. – 3 266 абонент техникалық атқарушы құжаттарын рәсімдлуде. 3554 абонент құжаттар рәсімделуін жалғастыруда.

-Қазіргі таңда қала тұрғындардың 91,1% дербес шот ашып пайдалануда. Табиғи газбен қамтылмаған көпқабатты тұрғын үйлер 57 болса, оның екеуі ағаш үй. Тұрғын үйлерді табиғи газға қосу «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша коксиалды түтін шығатын мұржа орнату қажет. Қаладағы барлық үйлердің жанына дейін «Қазтрансгазаймақ» газ қондырғыларын жеткізіп бергенімен бірқатар жер үйлердің техникалық құжаттары, енді бірінің мекеме талаптарына сай болмауы, енді бірінің табиғи газды үйіне кіргізіп алуына қаржысы болмауы салдарынан бұл жоба кешеуілдеуде. Көптеген тұрмысы төмен отбасылары мен газды орнатудағы дабылқаққыш құралына жеткізуге кәсіпкерлер мен қала әкімдігі көмек қолын созды,-дейді қала әкімі тұрғындармен кездесуінде.

 

ПӘТЕРМЕН ҚАМТУДЫҢ БІРНЕШЕ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛУДА

Қазіргі таңда «Отбасы» банкі арқылы жас отбасылары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арналған жеңілдікті ипотекалық бағдарламалар ұсынылуда. Жақында Мемлекет басшысы әкімдердің қызметі өз өңіріне инвестиция тартуымен елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеруімен бағаланатындығын атап өткен болатын.

Ағымдағы жылы Түркістан қаласына 295,4 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланса, биылғы он айында 204 млрд.теңгенің инвестициясы тартылды. Оның негізгі бөлігі киелі шаһардың құрылыс жұмыстарына бағытталды. Құрылыс жұмыстарының дені тұрғын үйлерге бөлінуде.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 217,8 мың шаршы метр құрайтын 3392 пәтерлі 53 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2683 пәтер несиемен берілсе, 709 пәтер тұрмысы төмен азаматтар мен көп балалы отбасыларына кезекпен беріледі. Биылғы жылдың он айында 200,9 мың шаршы метр құрайтын 3 152 пәтерлі 49 тұрғын үй пайдалануға берілді. Түркістан қаласында бүгінгі таңға 14 839 адам тұрғын үй кезегінде тұрса, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әлсіз топ және көп балалы отбасыларға 709 пәтермен қамтылып, нәтижесінде кезекте тұрғандар саны 14 130 құрайтын болады.

Алдағы жылдары қала тұрғындарын жайлы пәтермен қамтудың мемлекеттік тұрғыдағы бірнеше жеңілдікті жолдары ұсынылуда. Оның ішінде жас отбасыларға арналған «Отбасы банкінің» жеңілдікті несиелеріне жүгінуде.

-Біздің басты мақсатымыз және міндетіміз қала тұрғындарына барынша жайлы жағдай жасау. Оның ішінде сапалы асфальт жолмен, сапалы ауыз сумен, табиғи газбен, заманауи қоғамдық көліктермен қамтамасыз ету. Сіздермен төртінші мәрте кездесіп отырмын. Мені дұрыс қабылдаңыздар. Барлық жобалар мен құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сай орындалы келеді. Қалаға жақында қосылған секторлар мен елеусіз қалған шағын көшелерге дейін барлық жағдайлар жасалады. Шамалы күте тұруларыңызға тура келеді,-деді қала басшысы кездесулерді қорытындылап.

 

«ЯССЫ» СЕКТОРЫНДАҒЫ ЖАҚСЫ ІСТЕР

«Яссы» секторында тұрғындармен өткен кездесуде қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстар барысын баяндап, жоспарларымен бөлісті. Жалпы жыл басынан бері секторда үш кездесу өткізіліп 93 мәселе көтерілген болатын. Оның ішінде 64 -і орындалды. Сегіз жол мен көлік саласы, он бір инфрақұрылым, 26 абаттандыру мен тазалық мәселесі, алты қоғамдық көлік және он үш басқа да мәселелер бойынша өтініштер мен шағымдар болған. Он бір мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде. Жиырма бес мәселенің заңға сәйкестігі түсіндірілді.

Әкімнің баяндауынша, алдағы жылы «Яссы» секторында 1200 және 900 орынды құрайтын екі мектеп құрылысы жоспарланған. Көпқабатты он бір үйдің тұрғындары табиғи газ пайдалануда. Сегіз үйді газдандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ-ның талабы бойынша көпқабатты үйлерге коксиалды түтін шығатын мұржа орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда бір үйге коксиалды мұржа орнатылып, қысымдаудан өтуде. Сектор аумағында екі нысанның құрылысы аяқталып, төрт мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, үш нысанның құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер бойынша төрт трансформатор орнатылды.

«Яссы» секторында 197,3 шақырым құрайтын 180 көше болса, оның ішінде 46 көшеге асфальт жол, 80 көшеге тас жол, 54 көшеге топырақ жол төселеді.

Ағымдағы жылы 11,9 шақырым құрайтын он екі көше орташа жөндеуден өтті. 28,8 шақырым құрайтын 36 көшеге тас төселді. 6,7 шақырым құрайтын жеті көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Сонымен қатар, І.Қожабаев көшесінде және Қазыбек би – О.Жарылқапов көшелерінің аралығында жол құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Т.Бокин көшесі бойындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аумағы абаттандырылуда. Саққорған көшесінде ойын алаңшасы салынды, «Тұран» және «Шатқал» шығармашылық саябағы көгалдандырылды. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

 

САУРАН СЕКТОРЫ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

Сауран секторының тұрғындарымен кездесуін шаһар басшысы жаңа мектептердің құрылысынан бастады. Оның айтуынша, биылғы жылы екі мектеп күрделі жөндеуден өтті. Олар Төле би №19 және М.Пошанов №21 мектептері. Алдағы уақытта қала аумағында он бір мектептің құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде Сауран секторында 600 орынды құрайтын бір мектеп құрылысын бастау көзделуде. Сауран секторында үш нысанның құрылысы аяқталып, жеті мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан басқа, бір нысанның құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, алдыңғы кездесулерде тұрғындардың жасаған өтініштеріне сәйкес, Жұбанов, Мыңбасы, Бәйсейітов, Ыбырайұлы және Балақаев көшелеріне бес трансформатор орнатылды. Сауран мөлтек ауданы аумағында жаңадан қоныстанған аумақтарды және ауыз су жүргізілмеген көшелерді су құбырымен қамту жобасы іске асырылуда. №1, 2- мөлтек аудандар және мақта зауытының шағын ауданының ауыз су желілерін жаңа полиэтиленді құбырға жаңалау, қысымдылығын арттыру , кіші диаметрлік құбырларды үлкен диаметрлік құбырларға қайта ауыстыру және орталық су магистральдеріне біріктіру мақсатында екі нысанның құрылысы жүргізілуде. Қалаға сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен жылу жүйесін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Осыған орай, бір нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Аталған жобаны іске асырған жағдайда қала аумағындағы тозығы жеткен желілердің үлесі 30% дан 10%-ға дейін төмендейтін болады. Сауран секторында 175 шақырым құрайтын 156 көше бар. Оның ішінде 39 көше асфальт жол, 109 көше тас жол, сегіз көше топырақ жол. Ағымдағы жылы 1,38 шақырым құрайтын үш көше орташа жөндеуден өтті. 21,7 шақырым құрайтын 34 көшеге тас төселді. 9,1 шақырым құрайтын он көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді. Жангелдин көшесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Баянауыл аумағына қарасты 16 көшеде жарықтандыру жүйесінің құрылысы іске асырылуда. Түркістан қаласы, №1-2 мөлтек ауданын абаттандыру нәтижесінде аула арасына сегіз гектарға асфальт төселді. 2,5 гектар аумақ көгалдандырылды. 35 дана ойын алаңшалары мен воркаут, бес жерге спорт алаңшасы орнатылды.

-Қаланың барлық тұрғындары, мемлекеттік құрылымдары мен қоғамдық ұйымдары, құқық қорғау қызметкерлері биылғы жылы екі мәрте өздерінің ортақ мақсат, мүддеге бағытталған ынтымағы мен бірлігін дәлелдеді. Біріншісі, Референдум өткізу кезінде және екіншісі кезектен тыс президенттік сайлауға үлкен белсенділікпен қатысуы. Сіздердің осы екі бірдей саяси науқанда ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсеткендеріңіз үлін алғысымды білдеремін. «Бақ қайда барасың дегенде, бірлікке барамын» деген екен. Бірлігіміз бен ынтымағымыз уақыт тезінде шыңдала берсін. Ауызбіршілігіміз болса, алар асуымыз әлі алда ,-деп қорытындылады сөзін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Осы пікірден-ақ қала әкімінің іскерлігі мен қала тұрғындарына шынайы жанашырлығының куәсі болдық.

Leave a reply