Жастар тәрбиесі – қоғам тәрбиесі

0
169

Бақытты отбасы, бақытты жанұя деген қайдан шығады? Ол әрбір отбасының мүшесінен. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген қарым қатынасынан, бір-біріне деген құрметінен шығады. Тәрбие тал бесіктен. Дүниеген келмей тұрып ананың құрсағында жатқанда тәрбие алады бала. Ананың құрсағындағы балаға, аяғы ауыр келіншекке деген құрмет ол ұрпаққа деген құрмет. Осыны біз терең түсінуіміз керек. Осы мәселеде әйелдердің ғана емес ер азаматтардың да рөлі үлкен болуы тиіс. Себебі отбасын құрды ма? Жауапкершілікті алды ма? Бәріне қамқор болу керек. Кейде жастарға көңіліміз толмай жатады. Жоқ жастар қайта жақсы. Қазіргі таңда жас қыздардың бойында инабаттылық басым. Жас келіндеріміз бүкіл салт-дәстүрімізді сақтайды. Сәлемін салып, ат қоятын келіндеріміз бар. Дәстүрді сақтау отбасынан басталған. Тектілік қанмен және тәрбиемен келеді. Әрбір отбасы өзінің үкілеп отырған қызының бақытты болғанын қалай отырып оның өмірге дайындайды. Бізде қалалық, облыстық қоғамдық ұйымдар бірігіп керемет жоба жасап жатырмыз. Мұнда біз білім ошақтарында тәрбие сағаттарын өткіземіз. Неге? Бұл жерде мектептер жұмыс жасамайды деп айтудан, ата-ана бала тәрбиесіне қарамайды деуден аулақпын. Бұдан бөлек қоғамдық ұйымдардағы ардагерлеріміз бен қарттарымыз атсалысатын болса, тәрбие жұмыстары одан сайын жандана түсер еді. Балаларға сырттан келген адамның сөзі тез әсер етеді. Біз қоғам болып осыған жұмыламыз. Біз ертеңіміз үшін осы сөзімізбен жастардың тәрбиесіне әсер ете алсақ, жастар сәл болса да содан үлгі алса, еліміздің болашағы саналған жандарға ұғындыра алсақ біздің басты мақсатымыз сол. Біз қоғамның болашағы үшін. Салауатты, саламатты Қазақстан үшін еңбек етуге дайынбыз.
Тәрбие отбасынан басталады. Мектеп ол қосымша. Сыртқы орта ол қосымша. Тәрбие үйде не көрсе соны бала алып кетеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз тегін айтылмаған. Әл-Фараби бабамыз айтқан екен «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы». Сондықтан тәрбие бірінші орында.

Гулсара Тоққұлова

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, РЖА профессоры, Түркістан обл Аналар кеңесінің төрайымы

Leave a reply