«Түркістан арақ-шараптан ада, таза да, халал қалаға айналуы керек»

0
67

Осыдан 3 жыл бұрын біз облыстық және қалалық ақсақалдар алқасы келісе келе Түркістан қаласын арақ-шараптан ада, таза да халал қалаға айналдырайық деп бүкіл қала мен өңір тұрғындарына үндеу тастадық. Түркістан қаласы – Рухани астана. Сонымен қатар бүкіл түркі тілдес мемлекеттер де облыстың орталығын Рухани астана деп танып жатыр. Осы ойға, осы атаққа Түркістан қаласы да сай болуы керек. Алғашқы жұмысты біз қаладағы тойхана мен кафелер, супермаркеттер, арақ-шарап сататын дүкендердің басшыларымен кездестік. Осының арқасында қазір Түркістан қаласында 36 супермаркет, 21 арақ-шарап сататын дүкен спиртті сусын сатудан бастартты. Түркістан облысы бойынша 8 ауыл арақ-шараптан бастартқан. Ешқандай дүкенде арақ-шарап сатылмайды. Тойлар таза қымыз-қымранмен өтеді. Үгіт насихат жұмысымызды жүргізіп, әрі қарап бұл жұмыстарымызды жүйелі жүргізе берсек сөз жоқ келешекте Түркістан арақ-шараптан ада, таза да халал қалаға айналуы керек. Өйткені Түркістан түркі тілдес мемлекеттерге үлгі болатын қала. Түркістан ҚР жол көрсетуге жарайтын қала. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде 21 хан, 52 батыр, 19 би, 8 сұлтан, 5 датқа, сонымен бірге жүздеген көсемдер мен шешендер жерленген. Оның барлығы бір кесенеге жерленген. Мұндай қала әлемде жалғыз ғана. Осындай әруақты жерде қасиетті топырақта өмір сүріп жатқандықтан біз осы мәселені аяғына жеткізу үшін әрі қарай жұмысымызды жалғастыра береміз.

Жарылқасын Әзіретбергенов

Түркістан облысы Ақсақалдар алқасының төрағасы, Түркістан облысы мен қаласының «Құрметті азаматы».

Leave a reply