Воскресенье, 8 сентября

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: БӘЙДІБЕКТЕ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП ЖАТЫР

0
40

Еліміз бойынша өтіп жатқан экоакцияның үшінші аптасы жалғасын тауып жатыр. Облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің ұжымы өз аумағында және киелі орында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, музей орналасқан көше бойын, ғимараттың аумағын және музейдің батыс жағында орналасқан «Қосым баба» кесенесінің аумағын тазалады. Жасыл желек көшеттерін отырғызып, түбін қопсыту жұмыстары сәтті орындалды.

Айта кетейік, ағайынды Қосым мен Құлатай – Шаян өңіріне 1800 жылдары келген дін өкілдері. Ислам дінін насихаттау мен сауат ашуды мақсат етіп, Қосым Шаянға, Құлатай Жетісу өңіріне жол тартады. Тарихқа сүйенсек, Шаян өңіріне алғаш медресе ашу да Қосымның идеясы болған деседі. Бүгінде бұл кесене киелі орындардың бірі айналған.

Бәйдібек ауданына қарасты елді мекендерде «Жасыл аймақ» апталығы аясында абаттандыру, көгалдандыру және тазалық шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Тазалық жұмыстарына Тәуелсіздіктің құрдасы, кәсіпкер, аудандық мәслихаттың депутаты Абылай Жақыпов қолдау білдіріп, Ақбастау ауылындағы Молшылық көшесінің бойындағы бордюрлерді сырлау, шарбақтарды жөндеу, әктеу, ауылдың қасбетін реттеу жұмыстары орындалған. Сонымен қатар аяқ жолдарды сыпырып қоқыстан тазарту, арам шөптерді жұлумен қатар қураған талдар бұталып, ағаш түптері әктелді.
Тазалық науқанына бәйдібектік тұрғындар абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жұмыла кіріскен. Осы ретте Ақбастау ауылдық әкімі аппаратының қыметкерлері округ орталығындағы Ынтымақ және Бірлік көшелеріне сенбілік жұмыстарын жүргізді. Көше бойларындағы бордюрлер мен бағаналар сырланып, суағарлар тазаланды.

Бүгінде акцияға округке қарасты елдімекен тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен мәслихат депутаттары және ауыл жастары белсене қатысуда. Округке қарасты ауылдардағы көшелерге талдар егу, ретсіз өскен, қураған талдарды кесу, қоқыстарды тазалау, мекеме аулаларына гүлдер отырғызу, елді мекен аумағын ретке келтіру жұмыстары сәтті орындалған.

Leave a reply