ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

0
58
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беру керек екенін баса айтты. Сонымен қатар, Президент Үкіметке инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарауды тапсырды.
Инфрақұрылымдық дамудың негізгі проблемаларын шешу мақсатында жоспарда базалық инфрақұрылым жобалары, оның ішінде автомобиль және теміржолмен, әуе желісімен, сумен, жылумен, газбен және электр энергиясымен жабдықтау, сондай-ақ байланыс, теле-коммуникациямен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, Президент білім сапасына қатысты бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде әрине білім саласы, жаңа мектеп салу, үш ауысыммен оқитын мектептердің мәселесін толық шешуге айқындық танытқан.
Сайрам ауданындағы Қарасу ауылдық округінің әкімі Д.Сыдықовтың айтуынша, Қарасу ауылдық округінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп салу және жаңа медициналық нысан, сонымен қатар инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін құрылыс жобалары, ағын су және заңсыз берілген жер телімдеріне қатысты өзекті мәселелер бар.
Қарасу ауылындағы су тасуы ықтимал ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын «Қарасу-Ақбай» ағын су каналын күрделі жөндеуден өткізуге 400 миллионнан аса қаражат қаралған. Оның ішінде биыл 125 млн. теңгеге жуық қаржысы бөлінді. Ауыспалы нысан болғандықтан, құрылыс жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталып, келесі жылға аяқталуы жоспарлануда. Қазіргі таңда каналдың тазалығын және ағын судың ағымын реттеу жұмыстарымен «Ақсу» МКК айналысады.
Бұдан кейін «Қарасу» бастапқы медициналық көмек көрсету орталықтарына халық санының өсуіне байланысты жаңа типтік ғимарат құрылысын қажет ететіні белгілі. Құрылысқа жер телімі бөлінген, сәулет жобалық тапсырысы рәсімделіп, жобалық сметалық құжат дайындауға ұсыныс берілген.
Қарасу ауылындағы 106 гектар құрайтын Жаңақұрылыс аумағында ауыз су, газ, электр жарығымен қам-тамасыз етуге жоғарғы бюджеттен қаржы қаралып, мердігерлер анықталған. Биылғы жылдың маусым айында ауыз су жүйелерінің құрылыстары басталады. Ауыз су құбырларын тарту 2 жоба арқылы өтеді. Нақтырақ айтқанда, Қарасу ауылындағы, Жаңақұрылыс көшесінің бойында 50,0 гектар аумақта инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысының (сумен қамтамасыз ету) сметалық құны 206 608,0 мың теңге, Қарасу ауылындағы Жаңақұрылыс көшесінің бойында 56,2 гектар аумақта инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысының (сумен қамтамасыз ету) сметалық құны 245 763,0 мың теңге қарастырылған. Жобаға сәйкес жүргізілетін құрылыс жұмыстары 5 айға жоспарланған.
Өткен аптада Қарасу ауылдық округіне келіп, округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныс-қан аудан әкімі А.Сәбитов Ақбай ауылында заңсыз таратылған 50 гектар жер телімдерін заң аясында қайтару және заңсыз салынған тұрғын үй құрылыстарын тоқтату бойынша тапсырма берді. Сондай-ақ, аудан басшысы Жаңақұрылыс аумағына мектепке баратын бала санының артуына байланысты, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептің сыйымдылығы 600 орындықтан 1200 орындыққа ауыстыру жолдарын қарастыруды ұсынды.

Leave a reply