«Жұлдыз» индустриалды аймағында 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

0
146

Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта Шымкентте бірнеше бастама қолға алынды.

Атап айтсақ, солардың бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталып кетті. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд.теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр.

Шымкентте жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі отыз төрт пайызды құрайды. 69 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінде 163 мыңнан аса адам жұмыс істейді.
2025 жылға дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің санын 100 мың бірлікке дейін, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санын 190 мың адамға дейін, өңірлік өнімдегі үлесін 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, ол үшін осы жылы «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында бөлінетін қаржыны 2 есеге ұлғайтып, 6,9 млрд.теңге бағытталды.

Leave a reply