Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

0
55

Мемлекет басшысы «Ш.Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм)», – делінген хабарламада.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Leave a reply